БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 21 қазан күні болған.
Оралда студент қыз жатақхананың сегізінші қабатынан секіріп кеткен
708
оқылды

Оралда студент қыз сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сағат 13.20 шамасында 1 курста оқитын 17 жастағы қыз жатақхананың 8-қабатынан секіріп кеткен. Салдарынан ауыр жарақат алған студент Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасының Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігіне сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу бастады", – делінген полиция хабарламасында. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы сағат 13.40-та Ж.Досмұхамедов көшесі бойындағы жатақханадан облыстық жедел жәрдем станциясына қоңырау түскенін хабарлады.

Студент қыз бастапқыда жақын жерде болғандықтан, облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Денсаулық басқармасының мамандарының айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.