Бүгін Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионатының салтанатты ашылуы рәсімі өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz.
23 қазан - 3 қараша аралығында сары құрлықтың 23 елінен келген 500-ге жуық жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады. Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.
Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 2-3 қарашада анықталады.
Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азия бокс конфедерациясының (ASBC) Бас хатшысы Әли Саламе, IBA президенті Умар Кремлев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.