«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Тек елдің орталығында антициклонның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі болжанады», - делінген хабарламада.