2023 жылдың тамызында «Астана-Ыстамбұл» бағытының жолаушысы ұшып келгеннен кейін чемоданынан 19 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражатының жоғалғанын анықтады.
Астана әуежайында жүк ұрлаған топ ұсталды
1,499
оқылды

Астана қаласының халықаралық әуежайында соңғы уақытта жолаушылардың чемодандарын рұқсатсыз ашып, ондағы ақшалай қаражатын, алтын бұйымдарын және басқа да бағалы заттарын ұрлау жағдайларының көбейіп барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2023 жылдың тамызында «Астана-Стамбул» бағытының жолаушысы ұшып келгеннен кейін чемоданынан 19 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражатының жоғалғанын анықтады.

Жол жүгінен 7 800 АҚШ долларын ұрлау туралы дәл осындай өтініш «Астана-Дубай» бағытындағы әуе рейсінің жолаушысынан да келіп түсті.

Осыған байланысты, көлік полицейлері көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен әуе айлағында жүк тиеуші болып жұмыс істеген 6 адамнан тұратын адамдар тобын ұстады.

Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі алынып, иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, күдікті тұлғалардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сонымен қатар, тергеу органы ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде елордалық әуежайға қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізді, бұл «соқыр зоналарды» алып тастау, қызметкерлерге қойылатын талаптарды қатаңдату және басқа да шаралар.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.