Ақтауда 34 жастағы ер адамның үстіне лифт түсіп кетіп, көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, – деп жазды Aikyn.kz.
«24 қазан сағат 01:10 шамасында Ақтаудағы 3 шағынауданда орналасқан ғимараттардың бірінде 34 жастағы ер адамның үстіне лифт құлады.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-тармағы бойынша Ақтау қалалық Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – делінген баспасөз мәліметінде.
Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тергеу басталған.
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.