ҚР ТЖМ Республика күні қарсаңында СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілердің ерекше физикалық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған челленджге бастамашы болған.
СҚО-да өрт сөндіруші 23 тонналық вагонды қолымен сүйреді
1,058
оқылды

СҚО-да өрт сөндіруші 23 тонналық вагонды қолмен сүйреп, рекорд орнатты. Ол өз жетістігін Республика күніне арнады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ТЖМ Республика күні қарсаңында СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілердің ерекше физикалық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған челленджге бастамашы болғанын хабарлайды.

Өрт сөндіру көлігінің 28 жастағы жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Парсахан Алдияров сүйреу кабелін вагонға тіркеп, 23 тонналық хопперді жалғыз сүйреді.