25 қазан күнінің тарихы мен маңызы ерекше.
Атыраулық әскерилер Республика күні халық әндерін шырқады
1,174
оқылды

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының Атырау гарнизонында Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен өткен концертте халық әуендері, заманауи композициялар мен аспаптық шығармалар орындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Дәулет Оспановтың айтуынша, бұл іс-шара Қазақстанның мәдени мұрасының байлығын көрсетуді және Тәуелсіздік пен бостандықтың маңызын атап өтуді мақсат етіп отыр. 

«25 қазан күнінің тарихы мен маңызы ерекше. Еліміздің қауіпсіздігін қорғауда жас офицерлер мен сержанттарға үлкен үміт артамын», - деп атап өтті "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Дәулет Оспанов. 

Баян Жанұзақова