Толқын Тұрарбекқызы қызы Каусар дүниеге келгеннен кейін жұбайы Төреғалимен бірнеше жыл екі жақта өмір сүргенін айтты.
"5 жыл екі жақта жүріп, 3 айда бір көрістік". Төреғали Төреәлінің әйелі отбасындағы қиындықтар туралы айтты
17,037
оқылды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында үйленгеннен кейін бастан өткен қиындықтарын айтып берді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Әншінің әйелінің айтуынша, жас жұбайлар енді ғана отау құрып, бір-бірінің кемшіліктерін көре бастағанда, жарын ешкіммен салыстырмай, жақсы нәрсеге ден қойса ғана арақатынас дамиды.

"Үйленген сәтімізді еске алатын болсақ, бәрімізде тулаған сезіммен, үлкен бақытқа үмітпен қарадық. Отбасылық өмір, күнделікті тіршілік, екеудің бір-бірінің кемшіліктерін көре бастауы, араны суыта бастайды.

Салыстыру  өзіңдегіні көрмеуге әкеп соғады. Сен барыңды көрмей, жоқты іздейсің. Бұл күпіршіліктің көбеюіне апарады. Адам не нәрсеге көңіл аударса, сол нәрсе көбейеді. Демек, көңіл толмаушылық көп жерде, адамның көзі де, жүрегі де байланып, тек көре алмайтын бола бастайды. Осы жерден ұрыс көбейеді",  дейді Төреғалидің жұбайы.

Сонымен қатар Толқын Тұрарбекқызы қызы Каусар дүниеге келгеннен кейін жұбайы Төреғалимен бірнеше жыл екі жақта өмір сүргенін айтты.

"Каусар туған соң 5 жылдай екі жақта өмір сүрдік, 3 айда бір көрісетін уақыттар болды.

Сол екіжақта жүргеніміз біздің махаббатымызды күшейтпесе, үдеткен жоқ. Иә, қиындығы көп болды. Ең бірінші  сағыныш. Бірақ махаббаттың хақысы бар ғой? Қиындықтарда күш беретін сол махаббат емес пе? Сенің бақытты болуың жарыңның саған не беретінінде емес, сен не бере аласың. Менің фокусым, жарым неге үйтпейді, бүйтпейді болған емес.

Бар фокусым, Алланың алдында қандай жармын? Мен осы сұраққа ертең қалай жауап берем? деген оймен жүремін. Әр адам тек Алланың алдында жауапты ақиқатына келгенде",  деді Толқын Тұрарбекқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылғаны хабарланған еді.

фото: әлеуметтік желіден