«Ақпарат саласының үздігі» атанған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
«Айқынның» журналистері «Ақпарат саласының үздігі» атанды
839
оқылды

«Айқынның» журналистері Анар Қоныс пен Ботагөз Икрамова «Ақпарат саласының үздігі»  төсбелгісімен марапатталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Анар Қоныс  AIQYN-ЛИТЕР  ЖШС-да  2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінде  Aikyn.kz  сайтында редактор болып қызмет атқарады. Журналистің қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге арналған сараптамалық материалдары мен жұрт арасында қызу талқыланған фоторепортаждары оқырманның көңілінен шығып жүр. Сондай-ақ ол  «Үркер – 2022» ұлттық сыйлығының иегері.

Ботагөз Икрамова 2022 жылдан бастап  AIQYN  газетінде жұмыс істейді. Еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы, жұмысқа деген жауапкершілігі арқасында газет тілшісінен – саясат және экономика бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылды. Ал қазір шығарушы редактор-тілшілер қосынының жетекшісі қызметін атқарады.

Айта кетейік, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын қызметкерлер марапатталады.