Журналист, PRESIDENT жобасының авторы Әділ Балтабаев Telegram арнасында Президентке сыйға тартылған Наурыз есімді күшіктің қазіргі суреттерін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Биыл наурыз айында асылтұқымды ит өсіруші Анна Захарова Қасым-Жомарт Тоқаевқа тазы күшік сыйлаған болатын.
Наурыз есімді тазы ит бүгінде әжептәуір өсіп қалған.
«Бұған дейін Ақорда аумағында сәл өсіп қалған Наурыздың жүгіріп жүрген видеосын бөліскен болатынмын. Енді ересек, өсіп қалған аңшының суретін көрсетіп отырмын», – деп жазды Балтабаев.