Ол 13 қазанда үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған.
Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті
4,671
оқылды

Шымкент полицейлері 19 жастағы жоғалған жігітті іздеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 

15 қазан күні Абай АПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00.30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

Оның жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы, көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара кросовка және қара түсті күртеше болған.

"Жоғалған жігіттің қайда екені туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз",  делінген хабарламада.

Фото: Polisia.kz