Арт-объекті «Киелі табиғат» эко-сенбілігін және басқа да экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған.
Астанада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды
7,564
оқылды

Жұмбақтас Бурабайдың ең басты символдарының бірі және жыл сайын мыңдаған  турист соны көруге келеді. Астанада біресе жалмауыз кемпірдің, біресе қыздың бейнесін көрсететін жартастың қоқыстан жасалған көшірмесі пайда болды. 

«Жаңа адамдар» біздің көркем жерлерімізге келетін туристтер қаншама қалдықтарды қалдыратынын көрсету үшін осы арт-жобаны дайындаған болатын. Белсенділер Бурабайда қоқысты жинап, содан Жұмбақтас тасының мүсінін жасады. Осы арт-нысан Қазақстанның мәдени мұрасының сақталуы мен тазалық үшін күрестің символына айналды. 

Жыл сайын Бурабайдың бірегей табиғат әсемдігімен танысуға келетін туристтердің саны жылдам көбеюде. Көрікті жердің танымалдығымен қатар, қоқыстың да көлемі өседі. Талай тарихи оқиғаларға куә болған Жұмбақтас жазулармен көмкерілген және қалдықтарға батып жатыр. 

Бауыржан Аманов, «Жаңа адамдар»: «Біздің киелі жерлер мен мәдени ескерткіштердің жойылуына немқұрайлы қарай алмаймыз. Қазақстандықтарды табиғатымызды және тарихымызды сақтау үшін күреске қосылуға шақырамыз. Өзіңізден бастаңыз, қоқыстарды шашпай, табиғатты құрметтеңіз. Жерге тасталған қоқыс сәл уақыттан кейін айналаны жұтып алуы да мүмкін».

Айта кетейік, «Қоқыстас» арт-объектісі «Киелі табиғат» эко-сенбілігін және басқа да көптеген экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған болатын.