Телефон ұрламақ болған ер адам мен балалы әйелдің алысқан сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Телефонын жұлып алды»: Шымкенттік келіншек телефонын алып қашпақ болған ұрыны ұрып құлатты
839
оқылды

Шымкент қалалық полициясы балалы әйелдің телефонын ұрламақ болған ер адамды іздестіру үстінде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Оқиға 16-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған. Келіншек баласына қарап тұрған сәтте әлдебіреу келіп, шалбарының артқы қалтасындағы телефонын ала қашпақ болады.

Артынан қуып жеткен келіншек ұрыны ұстап алып, ұрып құлатып, телефонын тартып алады. Сол сәтте көршілер де көмекке келген.

Жәбірленуші полицияға арыз жазбаған. Алайда, Шымкент полициясы аталған оқиғадағы күдіктіні іздестіріп жатыр. 

«Видеода көрсетілген оқиға 24 қазан күні сағат 16:30 шамасында Шымкент қаласында болған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдарына ешкім жазбаша арыз берген жоқ. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп жазды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.