Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады.
Оқыс оқиға: Ұлытаудағы кеніште алты жұмысшы зардап шекті
1,214
оқылды

Ұлытау облысында "Қазақмыстың" "Жыланды" кенішінде жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан алты адам зардап шегіп, екеуі ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазақмыс" тобының баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 қазанда екінші ауысымда "Жыланды" кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы "Стакер" жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген.

Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады.

Салдарынан барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының "медициналық орталығына" жіберілді.

"Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді. Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі", – делінген "Қазақмыс" тобы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.