Қарағанды облысындағы Топар кентінде сібір жарасын жұқтыру дерегі тіркеліп, карантин жарияланған болатын.
Қарағандыда сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі қайтыс болды
695
оқылды

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қабылдаған шараларына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 75 жастағы науқас қайтыс болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Пациенттің өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сібір жарасын жұқтырған қалған екі пациенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы Топар кентінде 3 адам сібір жарасын жұқтырғаны жөнінде хабарлаған едік.