Түркістан облысында биыл камералдық бақылау нәтижесінде 4 000-нан астам арыз қаралды. Бұл туралы бүгін Өңірлік комму­ни­кациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Ішкі мем­лекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Оспан Әжі­беков айтты.
Мемлекеттік сатып алу саласы бақылауда
306
оқылды

Оспан Әжібековтің айтуынша, заң­бұзушылықтардың алдын алу іс-ша­ра­сы аясында мемлекеттік сатып алу са­ла­сындағы бақылау (камералдық ба­қы­лау) ерекше басымдыққа ие. Осы ретте департаментпен камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жеке және заңды тұл­ғалардың 4 104 арыз-өтініші қарал­ған. Оның ішінде 605-і толық қанағат­тан­дырылып, 1 609-ы ішінара қанағат­тан­дырылған. Ал 1 890 арыз өз дәлелін тап­паған.

– Жалпы, анықталған бұзушы­лық­тар­ды жою туралы 3 775 хабарлама жол­­данды. Атап айтсақ, хабар­ла­ма­лар­дың басым бөлігі конкурстық құ­жат­тамада өнім берушілердің қатысуын шек­тейтін және негізсіз күрделендіретін ар­тық талаптарды қойғаны үшін жол­дан­ған. Оның ішінде негізсіз түзілген қо­сымша келісімшарттардың алдын алу бойынша 146 хабарлама, негізсіз бір көзден алу тәсілімен түзілуге жата­тын келісімшарт бойынша 1 126 хабар­ла­ма жолданды, – деді Оспан Әжібе­ков.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқор­лық­ты болдырмау және алдын алу мақ­­­сатында 2022-2023 жылдары жалпы 50 іс-шара аясында техникалық оқу жүр­гі­зілген.

Т.БЕЙСЕН