Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп жатыр.
Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16-ға жетті
662
оқылды

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасынан тағы 5 кеншінің мәйіті табылды. 31 кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 кеншіні іздеу жалғасуда. 16 шахтердің денесі табылды", – деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.

Апат  орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп жатыр

Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.