Костенко атындағы шахтадағы жарылыс кезінде зардап шеккен 17 кенші ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Барлығы 18 кенші емдеу мекемелеріне жатқызылды, біреуі амбулаторлық емделуге шығарылды, қалғандары ауруханада жатыр.
«Қарағандының оңтүстік-шығысындағы профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада көмірқышқыл газынан уланған 15 адам бар. Бір науқас көміртегі тотығымен ауыр уланған, қалғандары жеңіл және орташа дәрежеде уланған. Зардап шеккендердің барлығы токсикология бөліміне жатқызылды», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.
Сондай-ақ тағы екі адам Михайловкадағы профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр. Бірінің жағдайы ауыр реанимацияда, екіншісі травматология бөлімінде (операциядан кейін).
Шахтада 31 кеншіні іздеу жалғасуда.