2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 келі гашиш және 12 келі марихуана сатпақ болған.
Жамбыл облысында 36 келі есірткі сатпақ болғандар ұсталды
779
оқылды

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау және сатумен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті.

2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 келі гашиш және 12 келі марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды",- делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.