Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын алатын меншік иелеріне қойылатын негізгі талаптар туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазір Үкімет пен мемлекет қойып отырған алғашқы шарттар – әрине, Көмір және болат департаменттерінің өндірісіне инвестиция салу. Бұл – орындалуы керек бірінші шарт. Сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту керек. Оның ішінде, ең алдымен, әрине, қауіпсіздік күшейтілуі қажет. Жаңа меншік иесінің алдына осындай шарттар қойылады», – деді Қарағанды облысының әкімі.