Бұл туралы Сарыарқа арнасында өткен брифингте «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір 13 жұмысшы іздестіріліп жатыр. Біз олардың болжамды жерлерін білеміз. Құтқарушылар кен орнын зерттеп жатыр, - дейді Геннадий Силинский.
Ол өрт бастапқыда 42 және 45 учаскелер арасында болғанын айтты. "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" республикалық орталық штабының қызметкерлері шақырылып, апатты жою жоспары енгізіліп, кеншілер жер бетіне шығарыла бастады.
7-8 минуттан кейін төтенше жағдай орнындағы шахтада жарылыс болды. Жарылыстың күші ауқымды болды. Соққы толқынынан тек төтенше жағдай аймағы ғана зардап шеккен жоқ. Соққы толқынының диапазоны екі шақырымнан астам болды. Осыдан кейін адамдарды іздеуге жөнелтілген бірінші бөлімше шахтада жергілікті өрт болғанын хабарлады. Барлық күш әлі де көмектесуге болатын адамдарды іздеуге жұмсалды. Бес адам жер бетіне шығарылып, көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, қалған кеншілерге көмектесе алмадық. Өрттер локализацияланған. Жұмыс жалғасып, шахтадағы газ жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр, - деп айтты Силинский брифингте.