Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтаның директоры қайтыс болған шахтерлердің алғашқыларының есімін атады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бірінші болып сегіз адамның аты-жөнін анықтадық. Олар:
Мордасов Виталий Анатольевич;
Югай Александр Викторович;
Адампаев Ерболат Мұратұлы;
Петренко Владимир Ильич;
Сайфутдияров Альберт Рифович», - деп тізіп берді ол.
Оның айтуынша, қалған мәйіттерді анықтау әзірге мүмкін емес.
Соңғы мәліметтер бойынша, Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиға 33 кеншінің өмірін қиды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу түнге дейін жалғасады.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, "АрселорМиттал Теміртауда" 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) сенім телефондары жұмыс істейді.