Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ның мәйіті жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.
Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 35-ке жетті
730
оқылды

29 қазан күнгі сағат 09.00-ге келіп түскен ақпарат бойынша, Костенко шахтасында мерт болғандар саны 35-ке жетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ның мәйіті жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.

“Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалы тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.

Газ жағдайын бақылау жалғасуда”,  деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.