Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы 29 қазан сағат 10.00-дегі жағдай бойынша ақпарат тарады, –деп хабарлайды Aikyn.kz.
Онда қаза болғандар саны 36-ға жеткені айтылған.
Қазір 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу шаралары жалғасуда.
Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.