Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан зардап шеккен 23 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында құтқарушылар мен кеншілер бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде. Бастысы, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін Астанадан Қарағандыға білікті дәрігерлер тобын жөнелткен болатын.
Соңғы деректер бойынша, шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілер саны 36-ға жетті, 10 кеншіні іздеу жүмыстары жалғасуда.