Барлық пациенттер өздеріне қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.
Шахтадағы апат: дәрігерлер зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
705
оқылды

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апат салдарынан зардап шеккендер облыстық клиникаға жедел жеткізілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Х. Мақажанов атындағы және басқа да медициналық мекемелердің дәрігерлері келіп түскен кеншілерді уақытылы емдеп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Бибігүл Төлегенова айтты.

"Қарағанды, Абай және Шахтинск қалалары стационарларының қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізілді. Оның ішінде 24 зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Газдан уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Жансақтау бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр. Жағдайы тұрақты. Есін біледі",  дейді басқарма басшысы.

Бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа ауыр. Екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр.

Төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге травматология және ортопедия ғылыми орталығының, нейрохирургия ғылыми орталығының  республикалық мамандарымен консультация өткізілді, барлық облыстық штаттан тыс мамандар жұмылдырылды.

Барлық пациенттер медициналық көмекті толық көлемде алады.