Екі кенші "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" КМК терапия бөлімінде улы газдармен уланған, жағдайы орташа ауырлық дәрежесіне жақын.
Шахтадағы апат: зардап шеккен екі кенші ауруханадан үйіне шығады
582
оқылды

Қарағанды облысының стационарларында қазір 24 пациент емделуде, барлық зардап шеккендердің гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты, жағдайдың нашарлауы байқалмайды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Профессор  Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана" ШЖҚ КМК токсикология бөлімінде жеңіл және орташа ауырлықтағы уытты газдармен улану диагнозымен 20 пациент жатыр, олар детоксикация терапиясын және симптоматикалық ем алуда.

Бір пациент түрлі жарақаттармен реанимация және қарқынды терапия бөлімінде, жағдайы тұрақты.

Тағы бір зардап шеккен кенші травматология бөлімінде сол жақ пневмоторакс диагнозымен ем алуда, жағдайы орташа ауыр, тұрақты",  деп жазды Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасынан.

Екі кенші "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" КМК терапия бөлімінде улы газдармен уланған, жағдайы орташа ауырлық дәрежесіне жақын.

Қабылдау-диагностикалық бөлімшелер деңгейінде зардап шеккендер тексеріліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді. Барлық пациенттерге қажетті диагностикалық тексерулер мен манипуляциялар жүргізілді, медициналық көмек көрсету үшін барлық бейінді қызметтер тартылды, Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық мамандарымен – Травматология және ортопедия және нейрохирургия ғылыми орталықтарымен консультациялар өткізілді, сондай-ақ облыстың қажетті мамандары тартылды.

Айта кету керек, трагедия орнында психологиялық көмек көрсету және үйлестіру аясында 16 психолог жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар  қосымша ертең ОКЖ-дан зардап шеккендер мен олардың туыстарына қолдау көрсету және көмек көрсету үшін мамандар келеді.