«Сіз Украинада қаза тапқандар үшін жылайсыз, бірақ Газада қайтыс болған бұл сәбилерге кім жылайды? Неге үндемей отырсыңдар?», – деді Ердоған Батысқа қарата.
Ердоған: Израиль – әлемдегі соғыс қылмыскері
827
оқылды

Түркия Израильді әлемде соғыс қылмыскері ретінде таниды. Израиль 22 күннен бері соғыс қылмыстарын жасап жатыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өтіп жатқан «Ұлы Палестина раллиіне» қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия басшысы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Анадолыдағы армяндарды, Эгей, Мәрмәр және Қара теңізде гректерді арандатқандардың бүгінгі буынымен бетпе-бет келгенін атап өтті.

«Соңғы екі ғасырда бізді саяси, географиялық, әлеуметтік-экономикалық бөліктерге бөлгендердің шешілмеген есептерімен кездесіп отырмыз»,  деді Ердоған.

Оның айтуынша, кеше Украина-Ресей соғысында қаза тапқан бейбіт тұрғындар үшін «көз жасын» төккендер бүгін Газа секторындағы мыңдаған бейкүнә балалардың өлімін үнсіз бақылап отыр.

«Сіз Украинада қаза тапқандар үшін жылайсыз, бірақ Газада қайтыс болған бұл сәбилерге кім жылайды? Неге үндемей отырсыңдар?», – деді Ердоған Батысқа қарата.

Түрік көшбасшысының айтуынша, Түркия да осындай қос стандартпен бірнеше рет кездесіп, PKK, ДАИШ және FETÖ террор ұйымдарының шабуылдарын мысалға келтірді.

«Он мыңдаған шақырым жерде келіп, лаңкестікпен күресеміз деген желеумен миллиондаған адамдарды аяусыз өлтіргендер бізге шекарамызды, Отанымызды, азаматтарымызды қорғау құқығын бергісі келмеді. Енді мен анық айтамын: Біз терроризмге қарсы күресте, әсіресе соңғы он жылда не істесек те, соған қарамастан қол жеткіздік», деді Мемлекет басшысы.