29 қазанға қараған түні Эр-Риядта үлкен бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы ауыр салмақтағы жекпе-жек болды. Спорттық мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген британдық, қазіргі WBC әлем чемпионы Тайсон Фьюри UFC белбеуінің бұрынғы иегері Фрэнсис Нганнумен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көпшілік асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Нганнудың соққылары қарсыласы үшін қауіпті-ақ болған. Тіпті, ол үшінші раундта Фьюриді сол жақтан жасалған қарсы шабуылмен нокдаунға жіберді.
Спорт сарапшыларының бағалауынша, Фьюридің шабуылдарында өткірлік байқалмаған. Десек те, жекпе-жектің соңында төрешілер бөлек шешіммен жеңісті Тайсон Фьюриге берді (96:93, 95:94, 94:95).
Нәтиже жарияланғаннан кейін залдағылар шешімге наразылықтарын білдірді.
35 жастағы Фьюри – бұрын-соңды жеңілмеген боксшы. Британдықтардың есебінде кәсіби рингте 35 жекпе-жегі болды. Онда ол 34 жеңіске жетті және бір жекпе-жек тең аяқталды. Нганну үшін бұл – жекпе-жек бокстағы дебют. Бұрын камерундық Нганну аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен.
Жанкүйерлердің пікірінше, бұл Фьюридің мансабындағы ең нашар жекпе-жектердің бірі болды.