Немістің Sea Eye кемесі жұма күні 49 мигрант мінген қайықты тапты. Ол Ливиядан келе жатқан.
Мигранттар мінген қос кеме Жерорта теңізінде апатқа ұшырады
547
оқылды

Жерорта теңізінде мигранттар мінген екі кеме апатқа ұшырап, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz ақпарат агенттігі Каzinform-ге сілтеме жасап. 

Тунистен Италияға бағыт алған бірінші кемеде 60-қа жуық жолаушы болған. Қаза тапқан бес адамның денесі мен кеме Сицилиядағы Маринелла-ди-Селинунте қаласының жағажайынан табылды. Жағаға аман жеткен 35 адамға көмек көрсетілді. Жағалау күзеті қалған жолаушыларды іздестіріп жатыр.

Немістің Sea Eye кемесі жұма күні 49 мигрант мінген қайықты тапты. Ол Ливиядан келе жатқан. Барлық адам эвакуацияланып, Лампедузаға жеткізілді. Олардың арасында ауыр халдегі жүкті әйел бар. Сондай-ақ суға батқан төрт жолаушының денесі табылды. 

Кейінгі жылдары Жерорта теңізі бағыты бойынша мигранттар ағыны күрт өскен. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаңтар айынан бері осы бағыт арқылы Италияға 142 мыңнан астам адам келген. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 82 мыңның шамасында болған еді. 

Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) есебінше, 2014 жылдан бері Жерорта теңізін кесіп өтуге әрекеттенген 28 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған.