50 келіге дейін салмақта Мөлдір Жаңбырбай алтын алды.
Каратэден әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай Қазақстан қоржынына алтын салды
1,254
оқылды

Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан каратэшілері тарихта алғаш рет ел қоржынына алтын медаль салды.

Оны 50 келіге дейін салмақта Мөлдір Жаңбырбай иеленді.

60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай екінші болса, Дидар Әмірәлі (67 кг дейін) әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.