Балалар арасындағы қақтығыс 27 қазан, сағат 23:00 шамасында 27 және 28-шағынаудандарда болған.
Ақтауда 80-ге тарта бала жаппай төбелескен
890
оқылды

Ақтау қаласында жаппай төбелескен 76 жасөспірім полицияға жеткізілді, оның алтауы қамауға алынды. 56 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Олар жол бойында бір-біріне тас, бөтелке лақтырған.

«Ақтау қаласы Полиция басқармасына 15-18 жас аралығындағы 76 тұлға жеткізілді. Кәмелетке толмаған 56 баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды», – делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 жасөспірім бұлтартпау шарасын қолдану арқылы қамауға алынған.