Мәжіліс Cпикері Ерлан Қошановтың төра­ға­лығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жал­пы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс Эстониямен адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді қарайды
592
оқылды

Депутаттардың талқылауына Эстониямен адам­­дардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарау ұсынылады.

Бұл келісім екі ел арасындағы ынтымақтастық тетігін құруға, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Келісім Қазақстан мен Эстония аумақтарында ұлттық заңнамаларды бұзған адамдарды қабылдау, беру және транзиттеу мәселелері бойынша тарап­тардың құзыретті органдары арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсы­нылды. 

Жалпы отырыста Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделуде.