Республика күніне орай Батыс Қазақстан облысы Полиция де­­­­­­­пар­та­­­­­­ментіне және Қорғаныс істері жө­­­­­­­нін­­­­дегі департаментке су жаңа ав­­­то­­­кө­­­­ліктердің кілті та­бысталды. По­ли­­ция өкі­л­деріне барлығы 45 ма­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­шина берілсе, әс­ке­рилерге 12 ав­­токөлік табыс етілді. Ал 99250 әс­­кери бө­ліміне бір КАМАЗ авто­­кө­лігінің кілті берілді.
Батыс Қазақстанда оң өзгеріс көп
1,709
оқылды

­­Жалпы, БҚО-да биыл оң өзгеріс көп. Жеңіс алаңында салтанатты түрде поли­­­ция мен әскерилерге көлік кілті табыста­­луы да облыс үшін оңды іс. 

Қорғаныс істері депар­та­­ме­нтіне бе­­­­­­­рілген 12 автокөлік ау­­­дандық әскери бөлімдерге деп жос­­­­­­парланған.

Полиция департаментіне берілген 45 автокөлік учаскелік полицейлерге арна­лып отыр. Оның ішінде 25 автокөлік қала­­дағы учаскелік полицейлерге бе­­ріл­се, 20-сы ауылдағы учаскелік полицей­­­­лер­ге беріледі.

– Бұдан бөлек, алдағы уа­қытта екі патурльдік батальонға 90 ав­токөлік беру жоспарланып отыр, – деді БҚО Поли­­­ция де­­партаментінің бастығы Арман Ораза­лиев.

Салтанатты жиында сөз алған аймақ басшысы өңірдегі қоғамдық тәртіпті қада­­­­­ғалаушыларды төл мерекемен құт­­­тықтады. 

– Президент өз Жолдаулары арқылы құқық қорғау жүйесін толық реформалау аса маңызды міндеттердің бірі екенін ай­қындап берді. Құқық қорғау және күштік құрылымдар саласы қыз­мет­­­кер­леріне материалдық-тех­­­ни­­калық базасын жақ­сар­­­ту үшін барлық жағ­дай жасалуда. Мә­селен, был­тыр Батыс Қазақ­­­стан облыс­тық По­­лиция департа­­­ментіне 30 ав­­­­­­­­­то­­­­­­­­­­­кө­­­­­лік бе­­­­­­рілсе, енді міне, бүгіннен бас­тап олардың авто­­­көліктер паркі 45 су жаңа авто­­­көлікпен толы­ғайын деп тұр. Қа­­­­жетті құрал-жабдықтар алу үшін об­­­­лыс­­­­­тық Полиция депар­­таментіне өткен жы­­лы 8 мил­­лиард­тан астам қара­­­жат бө­лінсе, биыл бұл сома 13 мил­­­лиард­­­­­­­­тан астам теңгеге жетті. Ал аумақтық қорға­­­­нысқа бюджеттен был­тыр 222 мил­­­­­­­­лион­­нан астам қаралса, биыл ол екі есеге жуық өсіп, 415 мил­­лион­­нан астам қаражатты құрады. Осын­­дай қол­­даудың нә­тижесінде соңғы жыл­дары өңірі­­міз­дегі жалпы, қылмыс саны 4 713-тен 3 494-ке дейін азайды. Яғни, 26,2 пайызға тө­­­мен­­деді, – деді салтанатты жиын­­­­да сөз алған аймақ бас­шысы Нариман Төре­ғалиев.

Жалпы, биылғы жыл Батыс Қазақ­­­стан үшін жетістік жылы десе де болады. Себебі бірнеше әлеуметтік нысан бой көтеріп, жолдар жөнделуде. Ол туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев 2024 жылы 105 млрд теңгеге жалпы ұзын­­­­­­­­­­­дығы 800 шақырым жол салуды жос­п­арлап отырғанын айтты. 

– Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыт­тың бірі – ай­­­мақ­тарды жан-жақты да­­­­­­мыту екенін айтты. Облысымызда ауылды да­мыту, экономикалық, инвести­­циялық, ауылшаруашылық, ин­фра­­­­құрылымдық салалар бо­­­­­­­­­­­йын­­­ша көпте­ген жұмыстар ат­қа­ры­луда. Атап айтсақ, осы жылы об­­лыс бойынша 81,5 млрд теңгеге 617 ша­­­­­­­­­­қы­­­­­­рым жол жөн­делуде. Қазір 500-ге жуық шақы­рым жол пайдалануға берілді. Соның ішінде халықты тол­ғандырған Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орта­лығымен байланыс­­тыратын 245 ша­қырым жолдың 125 шақы­рымын 4 жылда жасаған болсақ, биыл 120 шақы­­­рым жол­дың 104 шақырымын аяқтадық, қалған 16 шақырым бойынша жұмыс­­тарды жыл соңына дейін бі­тіретін бола­мыз, – деді аймақ басшысы.

Республика күні қарсаңында бұдан бөлек, Орал қаласында студенттерге арналған 500 орын­дық 9 қабатты жатақ­хана ашылып, пайдалануға берілді. 

Су жаңа жатақхананың лен­та­сын қию құрметі облыс әкімі Нари­ман Тө­ре­ғалиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қа­зақ­стан университетінің ректоры, про­фессор Нұрлан Серғалиев пен Қазақстан Республикасы Пре­­­зидентінің атаулы шәкіртақысы иегері, респуб­­ликалық пәндік олим­пиаданың жеңім­­пазы, сту­­денттер үйінің тұрғыны, Педа­­гогика фа­­­культетінің 4-курс сту­денті Гүлсезім Сегізбаевға берілді. Айта ке­­­тейік, нысан за­­манауи инфрақұры­­­лыммен жаб­дық­­­талған. Әр секцияда ас үй, жатын бөлме, жуыну бөлмелері бар. «Қаржы орталығы» АҚ Ғылым және жоғары білім министр­лігінің атынан университеттің жатақхана салу шығын­дарын 6 жыл ішінде өтейді.

Ал Бәйтерек ауданы, Асан ауылында ашылған амбула­­­то­риялық орталық ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Бүгінде Асан ауылында 2 000-нан астам адам тұрады. Ауылда бұған дейін ескі, әбден тозған медициналық пункт болған. Ол жерде ешқандай қан анализдерін алу мүмкіндігі де болмапты. Ал осы жолы пай­да­лануға берілген жаңа орталық за­мануи құралдармен қамтылған, енді ауыл тұрғындарына қара­пайым анализ­дерді тапсыру үшін аудан орталығына ша­­будың қажеті болмайды. 

Айта кетейік, жалпы БҚО-да 2025 жыл­­­­­ға дейін дәл осындай 50 медици­­налық нысан салыну көзделіп отыр. Ол үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаң­­ғырту» ұлттық жобасы шеңберінде тиісті қаражат бөлініп келеді. 

Дәл осындай қуанышты жаңалық Ақжайық ауданында да болды. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт То­қаевтың Жолдауында айтылған «100 де­­­­­­не­­­шынықтыру-сауықтыру кеше­ні» жо­­­ба­сын іске асыру мақсатында Ақ­­­жайық ауданы Тайпақ ауылында 160 орын­­­дық денешынықтыру-сауық­тыру ке­ше­ні ашылды. Дәл осы күні Чапай ауылында 320 орындық спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл екі кешен де заманауи техно­­ло­гиямен салынған. 

Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жеңіс Нығметуллин, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Бай­батыров, спортшылар, сала ардагер­­лері ауыл тұрғындары қатысты.

 Жалпы, облыста 2019 жылдан бастап 9 денешынықтыру-са­­уықтыру кешені салыныпты. Тағы 2 ауданда денешы­­­нық­­тыру-са­уықтыру кешенінің құрылыс жұ­­мыстарын 2024 жылы аяқтау жос­парда тұр. 

Бұдан бөлек, облыста «Жайлы мек­­­теп» ұлттық жобасы шеңбе­­­рінде және басқа жобаларды қоса есептегенде 26 мек­­­­­­тептің құрылы­­сы басталған. Оның ішінде екі мектептің құрылысы аяқта­­лып, қа­зір балалар сол жаңа білім ны­сан­­дарында білім алуда. Жыл соңына дейін 14 мектептің құ­рылы­сы аяқталады деп жоспар­­ланған. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы