Панфилов ауданында 100 орындық балабақша іске қосылды. Жергілікті кәсіпкер аудандағы ірі елді мекендердің бірі – Көктал ауылындағы ескі ғимаратқа жөндеу жүргізіп, ауыл балаларына арналған балабақша ашып, 20 адамды жұмыспен қамтыды.
Кәсіпкер 20 адамды жұмыспен қамтыды
438
оқылды

 Сонымен қоса, сәбилердің ата-аналарының қолын ұзартып, еңбектенуіне жағдай жасады. 

Осынау игілікті іске орай Көктал ауылына арнайы барған аудан әкімі Марат Сағымбек тұрғындарды Рес­публика күнімен және бала­­бақ­­ша­ның ашылуымен құттықтады.

«Бұл жолғы мектепке дейінгі ме­кеме – ауданда биыл ашылып отырған үшінші балабақша. Жақын күндері Головацкий ауы­лында 200 орындық тағы бір балабақша ашы­лады. Оның да жөндеу жұмыстары аяқталған соң балдырғандарды қабылдауға кірі­седі. Жалпы, ауда­нымыздың кәсіп­керлері аймақтағы құрылыс және әлеуметтік салалардың да­­муына жалпы, эконо­микалық қуа­­тының артуына үлкен үлес қо­сып келеді. Біз туған жерінің түле­уіне қол ұшын бергісі келетін жан­­дарды, оның ішінде екінші бала­бақшаны ашып отырған Кәмшат Молдахметова сияқты белсенді кәсіп­керлерді әрдайым қолдай­мыз», – деді аудан басшысы.

Нысанның лентасы қиылып, кө­пші­­лік жаңа ғимараттың ішін аралап көрді, көңілі толды. 

Кәсіпкер Кәмшат Молдах­­мето­ваның айтуынша, бұл – оның іске қо­сып отырған екінші бала­­­бақ­шасы.

– Алғашқы 100 орындық бала­бақ­шаны 2019 жылы Жаркент қа­ласынан аштым. Ол кезде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кә­­­­­­­­­сіп­­­керлік негізде­­рін оқып үйре­­нуді аяқтаған едім. Жеке қара­­жатымды салдым, несие алдым. Бір жақсысы, мемле­­кет­тен қолдау көрсетілді. Соның арқа­­­сында ол бала­бақша жемісті жұмыс істеп тұр. Осы жо­лы «Даму» қоры арқылы жалпы сомасы 65 млн тең­ге несиені 8 пайыз жеңіл­­­дікпен алдым. Бұл қар­­жыға бұрын­­­ғы кафенің ғима­ратын сатып алып, қайта жаң­ғырту жұмыс­­тарын жүргіздім, жаңа құрал-жабдық­тар сатып әкеліп, ор­наттым. Қазір әрқай­сысы 25 ба­ладан тұра­тын қазақ және орыс­тілді 4 топ құрылды. Көк­талда 240 орындық екі бала­бақша және мектеп жа­­нындағы шағын орта­лық бол­ғанымен, жаңа бала­­бақшаға да сұраныс көп. Сон­дықтан кейін бала­бақ­шаның іргесін кеңейтіп, тағы ба­ланы 100 қабылдауды жос­парлап отырмын. Бір қуа­нар­лығы, балабақ­шаның маңында бос жер телімі бар. Болашақта оқыту ор­талығын ас­шам ба деймін, – дейді кәсіпкер әйел. 

Болат АбАҒАН,

Жетісу облысы