Қазан айындағы бағаның төмендеуі жаз мезгілінен басталған.
Елімізде пәтер жалдау құны арзандай бастады
1,938
оқылды

Қазан айында пәтерді жалға берудің орташа құны қыркүйекпен салыстырғанда 2,2% арзандаған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру құны бойынша 13 қалада мониторинг жүргізіліп, оның 8-інде бағаның арзандағаны белгілі болды. 

Қазан айындағы бағаның төмендеуі жаз мезгілінен басталған.

Ал бағаның ең қатты қымбаттаған кезеңі шілде-тамыз аралығын қамтиды. Ол уақытта ай сайынғы жалдау құны 4-7 % өскен.

Кейінгі бір айда пәтер жалдау құны Ақтөбеде –  7%, Петропавлда   –  6%, Ақтау, Қостанай, Көкшетауда  –  5%, Алматы, Қарағандыда  –  4% және Астанада   1% құрады.

Ал Павлодар, Орал, Өскеменде баға біршама өсті.

Пәтер жалдау құны бойынша ең қымбат қала   – Алматы. Онда шамамен бір шаршы метр жер  –  6 мың теңге.  Ал ең арзан баға   – Ақтауда. Онда шаршы метріне 2 632 теңге алады.

Бағаның өсу қарқынын қаңтар айынан бастап қарайтын болсақ, 10,3% қымбаттаған.