Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елдегі шахталарда еңбек қауіпсіздігі сақталмайтынын, бұл мәселеге ең алдымен кәсіпорын басшылығы жауапты екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмысын жүргізіп, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Осындай апат биыл тамыз айында да болған. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты. Көп адамның өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауына тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі», – деді Үкімет басшысы.