Қазір университетке заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары басталды.
ҚазҰАЗУ-да студенттер мен жас ғалымдарға арналған жатақхана салынады
1,266
оқылды

Өкінішке қарай, соңғы жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға тиісті көңіл бөлінбеді. Оның орнына жоғары оқу орнының көптеген нысанын жеке тұлғалар жекешелендіріп алды, университеттің студенттік жатақханалары мен оқу ғимараттарында жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізілмеді.

Қазір университетке заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары басталды.

Мысалы, №6 студенттік жатақхана оқу ордасының тұрғын үй қорына қайтарылды және қосымша 280 студент жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілді. Жақын арада күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №3 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.

Ең бастысы, қазіргі заманғы стильде салынатын 450 орындық жаңа 9 қабатты студенттік жатақхананың құрылысы ү.ж. қараша айының басында мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде отандық инвесторлардың қолдауымен басталады. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 714,3 шаршы метр.

Сонымен қатар  жатақханада студенттерге қызмет көрсететін, ауданы 398,2 шаршы метрлік медициналық орталық тұрғызылмақ,

Осы ауқымды жобаның нәтижесінде, ҚазҰАЗУ Алматы қаласындағы өз студенттерін жатақханадағы орындармен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанды.

Жоғарыда көрсетілген ҚазҰАЗУ-дың жетістіктері – Жаңа Қазақстан жағдайындағы ұжым қызметінің атқарған жарқын мысалдарының бірі.