Қайталама нарықтағы баға қаңтар айынан наурыз айына дейін өссе, сәуір айынан бастап сәл түскен.
Қай қалаларда пәтер қымбат, қай қалаларда арзан?
1,317
оқылды

Krisha.kz ресурсының сараптама қызметі ел бойынша пәтер бағасы екінші ай қатарынан бір орында тұрғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазан айындағы баға орта есеппен шаршы метріне 369 мың теңге болып тұр. Қыркүйекте бұл көрсеткіш 368 716 теңге болған еді.

Krisha.kz жасаған мониторинг деректері бойынша, 17 қаланың 11-інде пәтер сәл арзандаған. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары да бар. Пәтер елдегі 5 қалада ғана қымбаттаған. Әсіресе, Ақтауда 3,5% өскен.

Шаршы метрдің бағасы ең жоғары 5 өңір:

Алматы – 707,8 мың теңге;

Астана – 473,2 мың теңге;

Шымкент – 419,4 мың теңге;

Атырау – 386,9 мың теңге;

Өскемен – 380 мың теңге.

Шаршы метрдің бағасы ең төмен 5 өңір:

Қызылорда – 236,7 мың теңге;

Ақтөбе – 286,6 мың теңге;

Тараз – 301,6 мың теңге;

Талдықорган – 304,1 мың теңге;

Көкшетау – 305,5 мың теңге.