Өнер иесінің оғаш әрекеті туралы белгілі журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазды.
Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрған
1,012
оқылды

Бұрын танымал болған әнші Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазір Рахат ән айтпайды, есесіне әйелін ұрып-соғады. Қазан айында ол әйеліне қол көтеріп, полицияның араласуына тура келген. Сотта әйелі күйеуін кешіріп, әнші жазадан құтылып кетті", – деп жазды журналист.

Ол ұсынған құжаттарда сот отырысында Рахат Тұрлыхановтың іс материалдарында көрсетілген деректерді растап, құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындағаны көрсетілген.

Сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.