Айдарбековтер отбасының кенже ұлы Заңғар Нұртас екінші рет шаңырақ көтеріп, сүйінші жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Алла некелеріңді қайырлы қылсын, екі дүниеде жұптарың жазылмасын, иманды, салихалы ұрпақтарың көп болсын, саған қызымыз аманат" деп, Рабиға мама батасын берді", – деген әншінің інісі.
Сондай-ақ ол жарының мәһір сұрау барысынан да үзінді жариялаған.
"Парыз амал орындалып, неке қиылды. Мәһір мәселесі – уәжіп амал. Әйел адамзаты тұрмысқа шыққанда өз тағдырын тапсырады. Соған жауап ретінде сый берілуі керек. Ғалымдардың айтуынша, бұл екі ешкінің құнынан жоғары болуы керек", – дейді имам.
Заңғар Нұртас "Мәһірге не сұрады деп ойлайсыздар?" деп жауабын жұмбақ күйінде қалдырып, елді қызықтырып қойыпты.
Көпшілік некенің баянды болуын тілеп, құттықтауларын жаудырып жатыр.