Еліміздің басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және оған байланысты өтетін атмосфералық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылып тұр.
Кей жерлерде жауын жауса, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ болады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасы салдарынан күн жауын-шашынсыз, ашық болмақ.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болуы да ықтимал.
фото:egemen.kz