Бұл туралы Alau.kz сайты хабарлады.
Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты
597
оқылды

Тіпті, бұл жайында кейбір мессенджерлерде жұмысшы бұрғымен жұмыс істеп жатқанда электр тогы соғып, қаза болды деген де ақпарат тарап жатыр.

Ал "ССКӨБ" АҚ баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, тергеу амалы жүргізіліп жатқанын айтты.

– "ССКӨБ" аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеме қызметкері оқыс оқиғаға ұшырады. "ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі – Қазақстандағы ең ірі темір рудасын өндіретін және өңдейтін кәсіпорын.

Фото: zakon.kz