Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды Ақордада күтіп алды. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды
727
оқылды

Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсім залында Құрмет қарауыл сап түзеп, оның бастығы Мемлекеттер басшыларына баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің әнұранын орындалды.

Одан әрі Эмманюэль Макрон мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүріп,  ілтипатын білдіріп, басын иді. Бұдан кейін қос Президент Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Франция Президенті Құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Еске салайық, Франция президенті Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын. 

фото: time.kz