Ашық дереккөзде оның жары – Ләззат Ибрагимова 1955 жылы дүниеге келгені, мамандығы экономист екені айтылады.
Әділбек Жақсыбековтің әйелі қайтыс болды
3,339
оқылды

 

Мемлекет қайраткері, кәсіпкер Әділбек Жақсыбековтің әйелі Ләззат Жақсыбекова қайтыс болды, – деп хабарлады  Aikyn.kz.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында жарияланған хабарламасында белгілі болды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Әділбек Жақсыбековке жары Ләззат Ибраһимқызының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады. Қазақстанның барша спорт қауымдастығы Сізбен бірге жарыңыздың орны толмас қазасына ортақтасады», – делінген көңіл айту хабарламасында.

Ашық дереккөзде оның жары – Ләззат Ибрагимова 1955 жылы дүниеге келгені, мамандығы экономист екені айтылады.

Айта кетейік, Әділбек Жақсыбеков әр жылдары Астана қаласының әкімі қызметін атқарған. Одан бөлек Индустрия және сауда министрі, Қорғаныс министрі болды. Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы болды.

Фото: kff.kz