Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы
939
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері, 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ел аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады деп болжануда.