Тиісті қаулыны Мәдениет және ақпарат министрлігі дайындаған.
«Қазақфильм» ұлттық киностудия болып қайта құрылмақ
1,097
оқылды

«Қазақфильм» Ұлттық киностудия болып қайта құрылуы мүмкін. Бұл туралы қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2023 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Егер аталған құжат мақұлданса, киностудия «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» АҚ деп аталады.

- Жобада өндірілетін кинофильмдердің сапасын арттыру мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның атауын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» АҚ атауына ауыстыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларға субсидиялардың мемлекеттік операторының функцияларын орындау есебінен сыртқы инвестицияларды одан әрі тарту көзделеді, – деп жазылған хабарламада.

Үкіметтің тиісті қаулысын Мәдениет және ақпарат министрлігі дайындаған.