Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді
602
оқылды

Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді,   – деп хабарлады  Aikyn.kz.

 

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ильхам Әлиев 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады», - делінген хабарламада.

Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-Минстрі Әлихан Смайылов күтіп алды.

Айта кетейік, саммитке Әзербайжан президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.