Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба сол оқиға болған бақылау камерасынан алынған. Онда көлік апаты болған сәт түсірілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Видеода ер адам кенеттен қоғамдық көлікке қарай секіргенін көруге болады.
«Бейнежазбаны полиция қызметкерлері зерделеді. Қозғалған қылмыстық істің негізінде оқиғаның мән-жайы нақты анықталатын болады», – деп жазды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бүгін қаладағы Бұқар жырау даңғылындағы «Шығыс» базары ауданында автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Оқыс оқиғадан соң 45 жастағы ер адам мерт болғаны анықталды.