Павлодарда жедел уәкілдер 13 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.
Жедел уәкілдер 13 жылдан бері іздеуде жүрген әйелді ұстады
639
оқылды

Жедел уәкілдер 67 жастағы әйелді ұстады. Ол алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

2006 жылы Алматы қаласында кәсіпкер әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу бойынша қызметтерді ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған. Күдіктіге алданған жәбірленуші полициядан араша сұраған. 2010 жылдан бері күдікті ізім-ғайым жоғалған. 

«Күдікті іздестірілді. Жедел іздестіру нәтижесінде жедел уәкілдер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», – дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілі. 

Департаменттің мәліметінше, күдіктілерді іздестіру полиция басшылығының ерекше бақылауында болады. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 126  күдіктіні іздестірді.

Фото: opennews.kz